Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы Жамбыл облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментіне барып, АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында семинар өткізді. Семинардың мақсаты – әскери қызметкерлердің АИТВ/ЖИТС туралы білімін арттыру, инфекцияның таралу жолдарын түсіндіру және алдын алу шараларын насихаттау. Іс-шара барысында орталық мамандары АИТВ жұғу және жұқтырмау жолдары, ерте анықтау мен тұрақты тестілеудің маңыздылығы туралы толық ақпарат берді. Сонымен қатар қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кеңес алды. Осындай ақпараттық кездесулер салауатты өмір салтын насихаттауға және қоғамда АИТВ-ға қатысты теріс көзқарасты азайтуға бағытталған. #ЖИТСорталығы #АИТВ #Жамбылоблысы #ҚорғанысІстеріДепартаменті #Семинар #Денсаулық #АлдынАлу