Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығы Тараз қаласындағы Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектепке барып, оқушыларға АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында ақпараттық семинар өткізді. Семинардың мақсаты – жасөспірімдердің АИТВ/ЖИТС туралы білімін арттыру, жұғу жолдары мен алдын алу тәсілдерін түсіндіру, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау болды. Кездесу барысында орталық мамандары АИТВ туралы шынайы деректермен бөлісіп, аурудың алдын алу жолдарын айтты. Оқушылар белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Мұндай шаралар жастардың денсаулық мәдениетін қалыптастыруға және АИТВ індетінің таралуының алдын алуға бағытталған. #ЖИТСорталығы #АИТВ #Жамбылоблысы #17мектеп #Семинар #Денсаулық #СалауаттыӨмірСалты #АлдынАлу