Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Тараз гуманитарлық-техникалық колледж студенттеріне ақпараттық дәріс

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығының психолог маманы М.Бегманова Тараз гуманитарлық-техникалық колледжі студенттеріне «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен ақпараттық дәріс өткізді.
Іс-шараның мақсаты — АИТВ-инфекциясы, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ) және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу мәдениетін қалыптастыру, қоғамның ақпараттану деңгейін арттыру, денсаулыққа жауапты көзқарасты насихаттау және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту.
Дәріс барысында психолог М. Бегманова қатысушыларға АИТВ-ның таралу жолдары, алдын алу тәсілдері, қазіргі емдеу мүмкіндіктері және антиретровирустық терапияның тиімділігі туралы толыққанды мәлімет берді. Сондай-ақ, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға толерантты көзқарастың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Қатысушылар мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кәсіби жауаптар алды.
Іс-шара соңында әр адамға өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы жөнінде маңызды кеңестер ұсынылды.