Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне  арналған салтанатты жиын өтті

2025 жылғы 16 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мәжіліс залында салтанатты жиын өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталды.

Салтанатты жиынды ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Абдикеримова Орынкүл Жетесқызы ашып, ұжым мүшелерін еліміздің басты мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, баршаға зор денсаулық, ел игілігі жолындағы еңбектеріне табыс тіледі.

Келесі құттықтау сөз «QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлері кәсіподағының Жамбыл облысы бойынша филиалының төрағасы Мақашев Нұрлан Оразқұлұлына берілді. Ол медицина саласы қызметкерлерінің қоғамдағы маңызды рөлін атап өтіп, кәсіби еңбектері үшін алғысын білдірді.

Салтанатты жиын барысында бірқатар қызметкерлер марапатталды.

«QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлері кәсіподағының Жамбыл облысы бойынша филиалының  «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында өз кәсібіне адалдық танытып, жоғары жауапкершілікпен үлгілі еңбек етіп, ұйымшылдығы мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін» төсбелгісімен эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі Ахметова Гүлшат Төлегеновна марапатталды. Осы мазмұндағы Құрмет грамотасымен

емдеу-алдын алу көмек бөлімінің инфекционист дәрігері Сметова Кульмира Есмуратовна марапатталды. Ал Алғыс хатпен зертхананың Шу қаласындағы филиалының мейірбикесі Сержанова Гүлмира Аманкуловна марапатталды.

Сонымен қатар «AMANAT» партиясының бағдарламалық мақсат-міндеттерін іске асыруға қосқан үлесі мен тұрғындардың денсаулығын сақтау жолындағы еселі еңбегі үшін және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мемлекеттік мерекесіне орай Құрмет грамотасымен келесі қызметкерлер марапатталды: емдеу-алдын алу көмек бөлімінің инфекционист дәрігері Токбураева Сауле Дастановна; АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің эпидемиолог дәрігері Досымова Индира Мумархановна; әкімшілік бөлімінің есепшісі Широнина Ольга Константиновна; ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің журналисі Омарбекова Ақмарал Сапаралықызы. Бұдан бөлек, Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы орталығының Тәуелсіздік күніне орай Отанымыздың игілігі мен жарқын болашағы жолындағы еңбегі үшін Мадақтамасымен келесі қызметкерлер марапатталды: емдеу-алдын алу көмек бөлімінің инфекционист дәрігері Байдаулетова Гульнара Тортаевна; АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің эпидемиолог дәрігері Досымова Индира Мумархановна; әкімшілік бөлімінің мұрағатшысы Бейсетаева Айнұр Азимхановна; клиникалық-диагностикалық зертханасының тазалықшысы Жадыраева Зухра Абдибаховна; әкімшілік бөлімінің жұмылдыру жөніндегі маманы Нұрсейіт Жансая Қабылбекқызы.

Осыдан кейін орталықтың кәсіподақ төрайымы Абдиева Сауле Сырмановна мен бас мейірбике Сатмаханова Лайла Ораковна сөз сөйлеп, ұжым мүшелерін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, баршаға бейбіт өмір, зор денсаулық және ел игілігі жолындағы еңбектеріне табыс тіледі.

Іс-шара соңында марапат иелеріне ізгі тілектер айтылып, ел тәуелсіздігін нығайту жолындағы еңбектеріне табыс тілеп, салтанатты жиын қорытындыланды.