М.Жұмабаев атындағы №21 орта мектебінде Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының психологтары Г. Шамурзаева мен Г. Салпыкова жоғары сынып оқушыларына арналған танымдық дәріс өткізді. Кездесу қазақ және орыс тілдерінде ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар АИТВ және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар жөнінде өзекті ақпарат алып, инфекциялардың таралуын болдырмау жолдары, қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру және қоғамдағы стигма мен кемсітушілікке қарсы көзқарас туралы мағлұматтармен танысты.
Кездесу аясында тақырыпқа байланысты бейнеролик көрсетіліп, қатысушыларға ақпараттық парақшалар мен түсіндірме оқу материалдары үлестірілді.