Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Жамбыл обаға қарсы күрес станциясының қызметкерлеріне арналған семинар

«АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» атты тақырыпта Жамбыл облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу және онымен күрес орталығының эпидемиолог дәрігері И. Досымова «Жамбыл обаға қарсы күрес станциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері үшін танымдық семинар ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі міндеттері:
– АИТВ және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар жөніндегі мәліметтерді кеңейту;
– Денсаулықты сақтауға бағытталған жауапты көзқарасты қалыптастыру;
– Қауіпсіз өмір салтының қағидаларын түсіндіру;
– Салауатты әдеттерді дәріптеу.

Кездесу барысында қатысушылар:
• АИТВ/ЖИТС бойынша әлемдік, республикалық және өңірлік эпидемиологиялық жағдай туралы мағлұмат алды;
• Аурудың берілу жолдары мен алдын алу тәсілдері жөнінде жан-жақты ақпаратпен танысты;
• Жыныстық жолмен жұғатын инфекциялардың алдын алу шаралары бойынша түсіндірулер алды.

Семинар соңында орталықтың мейірбикелері ерікті түрде қатысқан азаматтардан ИФТ әдісімен қан талдауын алды.