
Ә. Молдағұлова атындағы №28 орта мектепте Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының психолог мамандары Г. Шамурзаева мен Г. Салпыкова жоғары сынып оқушыларына арналған ақпараттық дәріс ұйымдастырды. Іс-шара қазақ және орыс тілдерінде жүргізілді.
Кездесу барысында оқушылар АИТВ, сондай-ақ жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы маңызды мәліметтер алды. Сонымен қатар, инфекциялардың алдын алу жолдары, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және қоғамдағы стигма мен кемсітушіліктің алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Іс-шара аясында тақырыпқа сай бейнематериал көрсетіліп, қатысушыларға түсіндірме оқу құралдары таратылды.