
Тараз қаласындағы Төле би атындағы №8 гимназиясында Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының маманы – психологтар М.Бекманова «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» тақырыпта оқушыларына арналған мазмұнды дәріс өткізді.
Кездесу кезінде оқушылар АИТВ және жыныстық жолмен жұғатын инфекциялар туралы жан-жақты ақпарат алып, аурулардың алдын алу жолдары, жауапты әрі қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ қоғамда кездесетін стигма мен кемсітушіліктің алдын алу мәселелері бойынша түсініктерін кеңейтті.
Шара барысында тақырыпқа сай бейнематериал көрсетіліп, қатысушыларға ақпараттық материалдар үлестірілді.