
Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мәжіліс залында «АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды қатар жүретін аурулармен жүргізу мәселелері» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Іс-шараны ЖИТС орталығының емдеу-алдын алу бөлімінің меңгерушісі Ф. Ниязалиева өткізіп, семинарға орталық қызметкерлері қатысты.
Семинар-тренингтің негізгі мақсаты – АИТВ-мен өмір сүретін адамдарда жиі кездесетін қатар жүретін ауруларды ерте анықтау, оларды тиімді жүргізу тактикасы, кешенді медициналық көмек көрсету және пациенттердің өмір сүру сапасын арттыру мәселелері бойынша мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру болды.
Сонымен қатар, қатысушылар тәжірибелік мысалдар арқылы өзара пікір алмасып, туындаған сұрақтарға жан-жақты жауаптар алды.
Семинар-тренинг орталық қызметкерлерінің кәсіби білімін жетілдіруге, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталды.