
Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының психолог маманы М. Бегманованың қатысуымен Қаракемер ауылында орналасқан Төле би атындағы орта мектептің жоғары сынып оқушыларына арналған ақпараттық дәріс ұйымдастырылды.
Кездесу барысында АИТВ инфекциясының алдын алу, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ), қауіпсіз мінез-құлық қағидалары және салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы туралы маңызды мәліметтер берілді.
Дәрістен кейін оқушылармен сұрақ-жауап форматындағы танымдық ойындар өткізіліп, қатысушылар белсенділік танытты. Сонымен қатар, оқушыларға ақпараттық бүктемелер таратылып, қосымша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара соңында орталық медбикесі А.Кокибаева оқушыларға ақпараттық бүктемелер үлестірді. Оқушылар мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты әрі кәсіби жауаптар алды.