Емхананың медициналық қызметкерлері үшін Жамбыл облыстық ЖИТС-орталығының дәрігерлері емхананың мәжіліс залында 2018ж 05 қазанында семинар өткізді.
Семинардың мақсаты қызмет көрсетілетін тұрғындардың арасында аурудың алғашқы сатыларында АИТВ-инфекциясымен ауратындарды анықтау және АИТВ-инфекциясын кәсіптік жұқтырудың алдын алу. ҚР-ның денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 23.06.2015ж № 508 «Эпидемиологиялық және клиникалық көрсеткіштері бойынша тұлғалар АИТВ-инфекциясына міндетті жасырын медициналық тексерілу ережелерін бекіту туралы » бұйрығына сәйкес АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық және клиникалық көрсеткіштері бойынша пациенттерді тексеру мәселесіне инфекционист-дәрігер Г. Байдаулетова толық тоқталды. Берілген аурудың клиникалық көрсеткіштері слайдта айқын көрсетілді. АИТВ-инфекциясы бойынша Жамбыл облысы және Қазақстан Республикасында эпидемиологиялық ахуалмен эпидемиолог-дәрігер С.Дулатбаева таныстырды. Емхананың медициналық персоналының назарына Жамбыл облыстық ЖИТС-орталығының тәжірибесінен мысалдар келтірілді. Медициналық қызметтер жүргізілу кезінде туындайтын апаттық жағдайларда жүргізілетін іс-шаралар туралы баяндалды. АИТВ-инфекциясын кәсіптік жұқтыруды болдырмау мақсатында дер кезінде постконтакттық алдын-алуды жүргізуге аса назар аударылды.