АИТВ инфекциясы бойынша тұрғындарға кеңес жургізу семинар-тренингі Талас ауданының алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсететін медициналық қызметкерлері үшін өткізілді. Осы семинар ЖИТС орталығының және Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасынының Жол картасына сәйкес орындалған. АИТВ-ның алдын алу бойынша тұрғындарға кеңес берудің негіздерімен ОАЕ, ОДА, ФАП, СП, МП қызметкерлері таныстырылды, тренингте кеңес беру дағдыларын қалыптастыру жұмыстары жүргізілді. АИТВ-ның алдын алу мәселелерін игеру үшін «Қауіп шкаласы» атты тренинг жүргізілді, осы тренинг бойынша медициналық қызметкерлер жұқтыру қаупінің деңгейін ажырату білімін алды.