Өкінішке орай, статистикалық көрсеткіштер ересектерді, жастар мен жасөспірімдерді, тіпті кіші жастағы балаларды да аямайтын АИТВ індетінің залалды әсерін біздің еліміз басынан кешіп отырғанын байқатады. АИТВ мен ЖИТС-ке қарсы дәрі жоқ жағдайда алдын алу білімін беруге үлкен рөл берілетіні белгілі. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары «Мектеп жағдайында АИТВ-ның алдын алу» тақырыбында Талас ауданының педагогтарына әдістемелік семинар-тренинг өткізді. Семинарға Талас ауданының 35 мектебінің педагогтары, психологтары, әлеуметтік педагогтары қатысты. Семинар облыстық білім беру басқармасымен бірлескен іс-шаралар жоспарының негізінде және аудандық білім беру бөлімінің қолдауымен іске асты.