Жамбыл облыстық жұқтырылғын иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес орталығында 15 қараша күні «Өз статусыңды біл» Дүниежүзілік кампания шеңберінде Дүниежүзілік ЖИТСке қарсы күніне арналған айлық жүруде.
Айлық пресс-конфернцияның өтуімен ашылды. Конфернцияға облыстық ЖИТС орталығының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымның өкілдері, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілерінің қатысуымен болып өтті.
Іс-шараны «Тараз АнтиВИЧ» қоғамдық қорының директоры Р.Перзадаевтың сөзімен басталды. Елдегі болып жатқан эпидемиологиялық жағдайға ерекше тоқталып өтті.
Өзінің кезегінде Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының профилактика бөлімінің меңгерушісі Г.Садыбекова Жамбыл облысында барлық тіркелген АИТВмен өмір сүретін адамдар саны – 1255 адам құрайтының хабарлады.
Баспасөз конфернциясы барысында баяндамашылар «Өз статусыңды біл» кампанияның өткізілуі еліміздің әрбір азаматы үшін АИТВ-ға тестілеуді дәріптеуге бағытталғанын атап өтті. Бүкіл әлемде, соны ішінде Қазақстанда АИТВ тестілеуге әлі де кедергі бар. ЮНЭЙДС бағалауы бойынша, АИТВ өмір сүріп жатқан адамдар әлі де өз статусын білмейді. АИТВ-ға тест тапсыруға стигма және кемсітушілік кедергі келтіруде. Жасырын тестілеу жолы проблема болып қалып отыр.
Кездесу қонағы «Салауатты Өлке Жан Нұр» қоғамдық қорының президенті Заида Арынбаева өз ойын білдірді.
Баспасөз конференциясын қорытындылай келе облыстық ЖИТС орталығының бас дәрігері Е.Исмагулов тілшілердің бірқатар сұрақтарына жауап берді және жалпы халықтың өз статусын білу маңызды екенін баса айтып облыстың әрбір тұрғынына хабарлауға ниет білдірді.