29.11.2018ж. «Жасөспірімдердің жыныстық жетілуінде АИТВ білімінің қажеттілігі» тақырыбында №49-ші мектеп-гимназияның жоғары сынып оқушылары арасында дәріс өткізілді. Іс шараны ұйымдастырғандар: мектеп директорының құқық жөніндегі орынбасары Ходжаева Г., Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының дәрігер эпидимиолог Әбдіманапова Ш.С. және медбике Айдаралиева К.Т. Дәріс және бейнебаян АИТВ-ның алдын алу сауалдары төңірегінде жүргізілді. Жасөспірімдердің мінез-құлық әрекетінің анағұрлым қауіпсіз жолға бағытталуын қамтамасыз ету бүгінгі таңда АИТВ-ның таралуын тежеудің негізі болып табылатыны жөнінде мамандармен бір ауыздан айтылды.