Жамбыл облысы бойынша ТЖБД басшысының орынбасары әділет полковнигі Жапашева Баглан Турановна, медицина қызметкерлері қатысты. Дәрістерді облыстық ЖИТС орталығының дәрігері Байдаулетова Гульнара Тортаевна және ОТҚД мониторинг және бағалау тобының басшысыОмарбекова Акмарал Косембековна оқыды. Дәріс тақырыбы АИТВ-жұқтырылғандарда туберкулездің өту ерекшеліктері, тексерілу тәртібі және 12.05.2017ж. № 21 диагностикалау және емдеу хаттамасына сәйкес емдеу әдісі турасында өрбіді, сонымен қатар ҚР ДС және ӘДМ м.а. 22.08.2014ж. № 19 “Туберкулез бойынша профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы” Бұйрығының негізгі қағидаларына тоқталып, бекітілді. Тыңдаушылар АИТВ мен туберкулез бойынша бұйрықтар мен хаттамалардың тәжірибе жүзінде орындалуына қатысты бірқатар сауалдар қойып, кейбір өзекті мәселелер бойынша өз ойларымен бөлісті. Барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.