Соңғы уақытта АИТВ алдын алу бойынша жұмыстарды жүргізуде кәмелетке толмағандардың ата-аналарына маңызды рөл беріледі. АИТВ алдын алу тек мектеп мұғалімдерінің ғана емес, осы мәселе бойынша ата-аналар «үй мұғалімдері» болуы тиіс. Байзақ ауданында Н.Ақшабаев атындағы орта мектепте өткен ата-аналар жиналысында:«АИТВ алдын-алудағы ата-аналардың рөлі », « ҚР және Жамбыл облысындағы АИТВ бойынша жағдайы», «АИТВ таралу жолдары», «Жауапты мінез-құлық – АИТВ қорғану» тақырыптары айқындалды. Дәріс беруші -ОЖИТСО педагогы Жакенова Рахима. Мектеп директоры Сейдалиева Айсара балалардың бос уақытына және кешке өткізілетін уақытты қадағалауға ата-аналардың назарын аударып, олармен жиі қатынаста болу маңызды екенін айтты.Мектеп психологы балалардың психологиялық жағдайына көңіл аудару керектігін ескертті.