2019 жылдың 12 наурызында Тараз қаласының М.Х.Дулати атындағы мемлекеттік университеті (ТарМУ) жанындағы (Мансаптық және кәсіптік өсу) орталығында барлық факультеттердің кураторлары үшін (Студенттер арасында АИТВ/ЖИТС алдын алуда кураторлардың рөлі) тақырыбына дәріс берілді.Облыстық ЖИТС орталығының тәлімгері Жакенова Рахима қатысушылардың АИТВ және ЖИТС бойынша теріс ой-пікірлерін жойып, оларды жұқпаның таралу жолдары туралы ақпараттандырып, тұжырымдама берді. АИТВ жыныстық жолмен таралуының өсуі бүгінгі күні маңызды мәселе болып табылады. Стигма мен дискриминация, АИТВ жұқпасына тестілеу көпшілікке насихатталып жатқаны туралы айтылды. Ұстаздар мүшеқаптардың түрлері және олардың АИТВ жыныстық жолмен таралуының болдырмау шаралары мәселелерін талдауға белсене қатысты. Ата-аналарының бірінде оң АИТВ болған жағдайда, сау балаларды дүниеге әкелу мүмкіндігі бар екендігі туралы айтылды.