Біздің бақытымыздың оннан тоғыз бөлігі денсаулыққа байланысты.
Шопенгауер А.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрылуын белгілеу үшін 7 сәуірде
Дүниежүзілік денсаулық күні атап өтіледі.
2019 жылғы 2-5 сәуір аралығында Тараз
қаласында «Жастар», «Денсаулық,» «Салауатты өмір салты» Денсаулық күндері өткізіледі.
Акцияның мақсаты салауатты өмір салты туралы студенттердің хабардарлық деңгейін арттыру
болып табылады.
Салауатты өмір салты – бұл халықтың денсаулығын сақтау, жақсарту және
қалпына келтірудің жалғыз жолы.
Бүгінгі күні қоғам өз денсаулығына басқа көзқарасымен
қарайтын ұрпақты қалыптастыру міндетімен бетпе-бет келеді. Осы мақсатта өмірдің маңызды
кезеңі – жасөспірімдік, бозбалалық, яғни негізгі гигиеналық дағдылар мен әдеттер
қалыптасатын жас.
Жастар әрқашан денсаулықтың көрінісі болған. Ол, әдетте, өмірлік
қуатқа толы, күш-жігерін және ақыл-ой қабілетін тез қалпына келтіре алады.
Жастардың
денсаулығы өмір салтына, әдетке байланысты. Жақсы әдеттер үйлесімді дамыған тұлғаны
қалыптастыруға көмектеседі, ал зиянды әдеттер жеке тұлғаның қалыптасуына кедергі
келтіреді. Зиянды әдеттерге күннің иррационалды тәртібі, нашар тамақтану, дене
белсенділігінің төмендігі жатады. Бірақ ең нашар әдеттер есірткі тұтыну, шылым тарту,
ішімдік ішу болып табылады. Бұл әдеттер адамның өмірін бұза алатын шегіне айналады.
Белгіленген уақытта Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының базасында эпидемиология, алдын алу
бөлімдерінің және Достық кабинетінің мамандарының «тікелей» телефон желілері
ұйымдастырылады:
-ұлдар мен қыздардың ұрпақты болу денсаулығын сақтау жөніндегі алдын
алу өмір салтын қалыптастыру бөлімінің эпидемиолог-дәрігер 2019ж. 2 сәуірде сағат
9.00-13.00 дейін 56-94-04 телефоны бойынша;
– АИТВ таралу жолдары мен тестілеу
жөніндегі эпидемиолог-дәрігер 2019ж. 3 сәуірде сағат 9.00-13.00 дейін 45-65-78 телефоны
бойынша;
-жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері мен тәуелділік мінез-құлқының
алдын алу бойынша психолог 2019 ж. 4 сәуірде сағат 9.00-13.00 дейін 51-07-82 телефоны
бойынша;
-жыныстық жолмен жіберілетін инфекциялардың (ЖЖЖИ) алдын алу бойынша
дерматовенеролог-дәрігер 2019ж. 5 сәуірде сағат 9.00-13.00 дейін 56-94-61