2019 жылдың 25 қазанында Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күресжүргізу орталығының әлеуметтанушы М. С. Бегманова «Дарын» мектеп-интернатының оқушыларына «АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу, берілу жолдары, диагностикасы, ҚР және Жамбыл облысындағы эпидемиологиялық ахуал» тақырыбында дәріс оқыды. Оқушылардың көптеген сұрақтарына маман толық жауап берді. Іс-шарамен 80 адам қамтылды.