Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

2017 жылдың 12 айында ҚР және Жамбыл облысында АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай. АИТВ-ға тест тапсыру қағидалары. АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу.

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мамандары (эпидемиолог дәрігер Калметова Г.А. және емдеу бөлімінің инфекционист дәрігері Байдаулетова Г.Т.) 05.04.2018ж. сағат 14.00-де Тараз қаласының облыстық балалар ауруханасында «2017 жылдың 12 айында ҚР мен Жамбыл облысында АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай. АИТВ-ға тест тапсыру қағидалары. АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға ОБА-ның 80 медицина қызметкері қатысты.

АИТВ инфекциясының бар болуына клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша медициналық зерттеп-қарау мақсаттары:
1) АИТВ инфекциясының диагнозын қою;
2) АИТВ инфекциясының берілуінің тік және басқа да ықтимал жолдарының профилактикасы;
3) трансплантация және жасушалық технологиялардың инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
4) эпидемиологиялық мониторинг өткізу: эпидемияны болжау үшін халықтың жекелеген топтары арасында АИТВ инфекциясының таралу деңгейін бағалау, профилактикалық іс-шараларды әзірлеу және олардың тиімділігін бағалау болып табылады.

Семинарға қатысушыларды АИТВ-індетінің таралуы, кездейсоқ жұқтырып алу мүмкіндігі, АРТ нәтижесі сынды біршама сауалдар қызықтырды. Барлық сауалдарға толық, әрі нақты жауаптар берілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған