Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Алдын алу және қоғаммен байланыс бөлімінің мамандары семинар-тренинг өткізді

28 қазанда алдын алу және қоғаммен байланыс бөлімінің мамандары Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде «Жастар арасында АИТВ — инфекциясының жеке профилактикасы» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. 15 адам қамтылды.

 

Семинар болып өтті

2022 жылдың 26-шы қазан күні Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиология бөлімінің дәрігері Сара Дулатбаева Шадиарбекқызы орталықтың медицина қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ кодексі оның ішінде халық  денсаулығы  және  денсаулық  сақтау  жүйесі  туралы  түсіндірме  жұмыстарын   жүргізді.

 

 

 

ЖИТС орталығының қызметкерлеріне семинар өтті

    2022  жылдың  қазан айының 22-сі  күні  Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының емдеу бөлімінің эпидемиолог дәрігері Гүлшат Ахметова Төлегенқызы орталықтың медицина қызметкерлеріне АИТВ инфекциясының профилактикасы саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қаралу және консультация алу қағидаларын бекіту туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы №ҚР ДСМ-204/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 қарашада № 21682 болып тіркелді.

 

№-7-ші қалалық емханасында медицина қызметкерлерімен семинар өтті

2022 жылдың қазан айының 12-ші жұлдызында №7-ші қалалық емханасының медицина қызметкерлері арасында ҚР және Жамбыл облысы бойынша АИТВ-инфекциясының эпидемиялық ахуалы және АИТВ -инфекциясы мәселелері бойынша ЖИТС орталығының мамандары Ысқақ Мейіржан, Ахметова Гүлшат семинар өткізді.
Семинарда АИТВ -инфекциясының эпидемиялық ахуалы, апаттық жағдайлардың алдын алу және олардың тактикасы, АИТВ -инфекциясының мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық құжаттармен және де клиникалық сонымен қатар эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша контингенттерді АИТВ-инфекциясына зерттеп қарау бойынша, соның ішінде балалар мен жасөспірімдерді уақытылы тексеру жөнінде айтылды. Жиынға 30-ға жуық медицина қызметкерлері қатысты.

 

 

«Жамбыл облысының тұрғындарын тестілеумен қамту» тақырыбында семинар өткізілді

7 қазанда Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог – дәрігері Г. А. Қалметова қалалық көпсалалы ауруханада «Жамбыл облысының тұрғындарын тестілеумен қамту. Биоматериалды алу ережелерін сақтау (таңбалау, журналда тіркеу, ОПС сақтау)» тақырыбында тренинг өткізді, семинар бас дәрігердің хирургиялық жұмыс жөніндегі орынбасары С. Ш. Жұмашевтің төрағалығымен өтті.

 

 

 

Мойынқұм ауданына сапар

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологтары А.Д. Тұрғынбаева және С.Ш. Дулатбаева облыстық ЖИТС орталығы мамандарының медициналық ұйымдарына жоспарлы шығу кестесі аясында Мойынқұм ауданына барды. Ауданның медицина қызметкерлері арасында семинар өткізілді, оның ішінде 16 дәрігер қамтылды. Семинар барысында аудандар бойынша облыс бойынша эпидемиологиялық жағдай, пациенттерді АИТВ тексеру көрсеткіштері, ХНТ мен халық арасында алдын алу жұмыстарының ерекшеліктері және басқа да көптеген мәселелер талқыланды.

ЖИТС кезіндегі психикалық бұзылыстар.

ЖИТС кезіндегі психикалық бұзылыстар.

(ЖИТС, ағылш. AIDS) – аса қатерлі вирустық дерт. Қоздырушы – адамның иммундық дефицит вирусы HIV (ИДВ) Вирус иммундық жүйесінің жасушаларының жұмысын бұзып, жойып, нәтижесінде жүре пайда болған иммундық дефицитінің синдромы (ЖИТС) пайда болып, адам организімінің қорғаныс механизмдерінің жұмысы бұзылып, инфекциямен қатерлі ісіктерден кәдімгі иммунды статус қалыпта болған жағдайда дамымайтын оппортунисттік аурулар пайда болады.
АИТВ/ЖИТС ең алғаш 1981 жылы АҚШ –та тіркелген. АИТВ (Адамның иммун тапшылығы вирусы) вирусынан туындайды. Жұқпа ағзаға түскенде адамды аурудан қорғайтын иммундық жүйесін зақымдайды. Иммундық жүйе зақымданған кезде адам организмінің жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті күрт төмендеп кетеді.Тіпті, сау қорғаныш жүйелері тез жеңетін әдеттегі жеңіл аурулардың соңы асқынып, қатерге соқтыруы мүмкін.
Әрбір адам жынысына, жасына, ұлтына қарамастан АИТВ –ны жұқтыруы әбден мүмкін. АИТВ вирусы оны жұқтырған адамда іштей дамып, бірнеше жылдар бойы білінбеуі де ықтимал.
Жұғу жолдары: АИТВ жұқтырған адам- жұқпаны (вирус) жұқтыру көзі болып табылады. Ешқандай ауру белгілері байқалмайтындықтан, жұқпа тасмалдаушылар өте қауіпті. АИТВ жұқпасы көп мөлшерде қанда, шәует (сперма) сұйығында, қынап кілегейінде, емшек сүтінде болады.
АИТВ/ЖИТС жұқпасын жұқтыру кезіндегі психикалық бұзылыстар екі түрлі фактормен көрінеді.
1.Жалпы улану және нейрондарының зақымдануы;
2.Дауасыз ауру екенін білгеннен кейінгі психикалық күйзеліс. Аталған факторлар аурудың өршуіне себеп болады. Психикалық бұзылыс АИТВ диагнозы қойылғанан кейін науқас адамның тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты болады. Жазылмайтын ауруға душар болғанын білген соң дамитын психикалык стресс. Психологиялық реакциялар өте тез дамиды: беймаздық, күмәншілдік, эмоционалды тұрақсыз, ренжігіш болып келеді.
Клиникасы: Орталық жүйке жүйесінің нейрондарды зақымдаушы нейротропты жұпа әсерінен науқастың иммунитеті төмендеуі нәтижесінде психикалық ауытқу пайда болады. Инкубациялық кезеңі 1ай – 5жыл. Көп деген науқастарда манифестацияға дейін апатия, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі, ұйқының бұзылуы, көңіл-күйдің төмендеуі пайда болады. Бұл аурудың алғашқы сатысынан бастап психогенді бұзылыстар невротикалық немесе психикалық түрде болады. Науқастар ЖИТС-пен ауыратынын білгеннен кейін бірден депрессияға, өзін-өзі кінәлауға, бұл жағдайдан шыға алмауына, тіпті өз-өзіне қол жұмсауға тырысады. Науқастарда дисфория, есалаң сияқты мінез-құлықтар пайда болады, ашуланшақ кейде ұстамалы аурулар болады. Өзінің ауруын момойындағанан кейін симптомдар күшейе түседі. Бұл кезде ажитация, ұйқының бұзылуы, анорекция, үрейдің басым болуы, тіпті дәрігерді ұрып жіберуі мүмкін.
Диагностикасы: АИТВ/ЖИТС жұқтыру кезеңінде психикалық бұзылысты невротикалық спидофобиялық синдромнан ажыратып алу керек.
Анализдер тапсыру керек;
Дәрігер мамандарға қаралу керек;
Психиатр дәрігердің қарауында болу керек.
Емі: Аурудың ауырлық дәрежесіне және клиникалық көрінісіне байланысты тағайындалады.
Этиотропты;
Симптоматикалық.
Қорытынды: АИТВ/ЖИТС тасмалдаушыларды анықтап, жұғу арнасын сенімді түрде жауып тастау. Осы мақсатта көптеген елдерде мынадай шаралар жүргізіліп жатыр: халықтың (тұрғындардың) кейбір топтарын сөзсіз және жоспарлы түрде лабораториялық тексеруден өткізу; донорлық, қанды, сперманы, органдарды тексеру; гемофилиямен ауыратындарды, нашақорларды, гомосексуалистерді, жезөкшелерді тексеру; АИТВ/ЖИТС-пен ауырғандарға консультация және көмек беретін комиссия жұмыстарын ұйымдастыру. Қорыта айтқанда Салауатты өмір салтын қалыптастырып, әдепті өмір сүріп, отбасы бірлігі берік болса, зиянды әдеттер арақ-шарап ішіп, наша тартудан, кездейсоқ жыныстық жақындасудан аулақ болса, әрбір адам өзін-өзі АИТВ/ЖИТС-тен қорғай алады.

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының №11сенім пуктінің психологы Сунгибаев Бауыржан Мэлсулы.

Зертхана маманы білімін жетілдіріп келді

Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы мен «LifeMed Holding» ЖШС–нің ұйымдастыруымен аумақтық ЖИТС (жұқтырылған иммун тапшылық синдромы) орталығының зертхана қызметкерлері Оңтүстік Корея Республикасында өз білімдерін жетілдіріп келді. «BioNeer Corporation» инновациялық биотехнологиялық корпорациясының базасында ExiStation TM 16, 48 DX платформасында жұмыс істеу бойынша тереңдетілген оқыту курстары мен шеберлік және тәжірибелік сабақтары өтті.
Оқыту барысында диагностикалық жиынтықтарды әзірлеушілер мен зауыт мамандары зертханалық қызметкерлер үшін сапаны бақылау, деректерді талдау және зерттеу нәтижелерін талдау мәселелерін қамтитын ПТР диагностикасы бойынша теориялық және тәжірибелік курстар өткізді. Қазақстандық мамандар зауытта болып, өндірістік үдеріспен және инфекциялық ауруларды диагностикалауға арналған жабдықтар мен тестілер саласындағы жаңа әзірлемелермен танысты. Оның ішінде Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының атынан зертхана маманы Малимов Алтайхан Әлмаханбетұлы барып қайтты.
Сапар аясында қазақстандық делегация фармакология, профилактика, зертханалық диагностика және геномдық зерттеулерді қоса алғанда, денсаулық сақтаудың көптеген бағыттары бойынша жұмыс істейтін «Green Cross» биотехнологиялық компаниясына шақырылды. Біздің қызметкерлер Оңтүстік Кореяның жұқпалы аурулар диагностикасына маманданған жетекші клиникалық зертханаларының бірі – «Green Сгоѕѕ» диагностикалық зертханасына барып қайтты. Бұл зертхана жаһандық диагностикалық желінің бөлігі болып табылады.
ЖИТС орталықтарының зертханалық қызметкерлері корей әріптестерімен тәжірибе алмасып, зертхананың жабдықталуымен және үлгінің тіркелуі мен қозғалысынан бастап, зерттеу жүргізуге және есеп алуға дейін толық автоматтандыру жүйесімен (ТLA) танысты, бұл тәулігіне 24 сағат бойы зерттеулердің сенімді нәтижелерін беруді қамтамасыз етеді.
Естеріңізге сала кетсек, 2021 жылы ҚР ЖИТС орталықтарының 15 зертханасы АИТВ жұқтырған пациенттерді емдеу және инфекциялық ауруларды диагностикалауға зертханалық мониторинг жүргізу үшін автоматтандырылған ПТР платформаларымен жабдықталған болатын. BioNeer корпарациясының ExiStation TM 16 DX автоматтандырылған ПТР жүйесі биологиялық материалдарды молекулалық -генетикалық және геномдық диагностикалауда қолданылатын заманауи құрылғы.

 

 

 

 

АИТВ- жұқпасының алдын алу

АИТВ- жұқпасының алдын алу
7 қыркүйек күні Жамбыл облысытық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігерлері Виктор Когай, Айгүл Сағадиева, және Айнур Тұрғынбаева АИТВ-жұқпасының алдын-алу тақырыбында «АLMAZ MEDICAL CROUP» №4 қалалық емхансының медицина қызметкерлеріне кездесу өткізді. Кездесу барысында АИТВ-инфекциясы туралы және берілу жолдары мен алдын алу іс-шаралары бойынша толық ақпарат берілді. Сонымен қатар орталықтың дәрігерлері Жамбыл облысы бойынша соңғы алты айдың эпидемиологиялық жағдайымен таныстырып, барлық сұрақтарға жауап берді. Жиынға 30-ға жуық медицина қызметкерлері қатысты.

 

Медицина қызметкерлеріне дәріс оқыды

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығының мамандарының ұйымдастыруымен Жамбыл аудандық орталық ауруханасы және перзентхана бөлімінде, орталық ауруханасына қарасты емханасындағы медицина қызметкерлеріне АИТВ инфекциясын алдын алу және одан сақтану мақсатында семинар жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жадынамалық түсіндірме парақшалар таратылды.
Орталықтың эпидемиолог дәрігерлері Гүлшат Ахметова, Сәуле Тоқбураева, Айнур Тұрғынбаева, Айгүл Сағадиева баяндама жасады.