Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

№34 орта мектепте АИТВ-ның алдын алу тақырыбында дәріс өтті

Тараз қаласындағы №34 орта мектепте ЖИТС орталығының мамандарының қатысуымен оқушыларға арналған ақпараттық кездесу ұйымдастырылды.

🔹 Іс-шара барысында орталықтың психолог маманы Г. Шамурзаева оқушыларға АИТВ-инфекциясы мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алу, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ стигма мен кемсітушіліктің алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы кеңінен баяндалды.

✅ Кездесу соңында мектептің мейірбикесі А. Никулина оқушыларға АИТВ-ның алдын алу және кемсітушілікке жол бермеу тақырыбында ақпараттық бүктемелер таратты.