
№38 орта мектебінде Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының психолог мамандары Г. Шамурзаева және Г. Салпыкова жоғары сынып оқушыларына арналған ақпараттық түсіндіру сабағын қазақ және орыс тілдерінде өткізді.
Кездесу барысында оқушылар АИТВ және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы жан-жақты мәлімет алып, аурудың алдын алу жолдары, қауіпсіз мінез-құлықтың маңызы, сондай-ақ қоғамдағы стигма мен кемсітушіліктің алдын алу мәселелерімен танысты.
Іс-шара аясында тақырыпқа сай бейнематериал көрсетіліп, қатысушыларға ақпараттық парақшалар мен танымдық оқу материалдары таратылды.