Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

№41 А. Пушкин атындағы көпсалалы гимназияда ақпараттық дәріс өтті

Тараз қаласы білім бөлімінің №41 А. Пушкин атындағы көпсалалы гимназиясында Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мамандары оқушылармен кездесу өткізіп, АИТВ-инфекциясының алдын алу тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында психолог Г. Шамурзаева жасөспірімдерге АИТВ-ның жұғу жолдары, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, қауіпсіз мінез-құлықтың маңызы, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау, сондай-ақ қоғамдағы стигма мен кемсітушіліктің алдын алу туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен бірге салауатты өмір салтының маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Шара соңында оқушыларға ақпараттық жадынамалар таратылып, АИТВ-ның алдын алу бойынша пайдалы кеңестер берілді.