Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

№43 орта мектепте АИТВ тақырыбында ақпараттық дәріс өтті

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының психолог маманы Г.Салпыкова №43 орта мектептің жоғары сынып оқушыларына арналған «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» тақырыбында ақпараттық дәріс өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты:
– жасөспірімдерге АИТВ/ЖЖБИ жөнінде ғылыми әрі нақты мәлімет беру;
– жұқпалы аурулардың алдын алу дағдыларын қалыптастыру;
– ақпараттық сауаттылықты арттыру;
– жеке денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға баулу;
– салауатты өмір салтын насихаттау.
Дәріс барысында маман АИТВ-инфекциясының берілу жолдары, алдын алу шаралары, қауіпсіз мінез-құлықтың маңызы, сондай-ақ қоғамдағы стигма мен кемсітушілікке жол бермеу туралы кеңінен түсіндіріп, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді.
Қатысушыларға тақырыпқа сай бейнеролик көрсетіліп, ақпараттық бүктемелер таратылды.