2023 жылғы 17 қарашада № 5 қалалық емханада тік берілу жолының алдын алуға арналған семинар өтті. Семинарды Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының қызметкерлері ұйымдастырды: АИТВ-инфекциясын қадағалау бөлімінің меңгерушісі И.И. Дегтерева, дәрігер-эпидемиологтар В. Г. Когай, Қ. Б. Аушенова. Мамандар ағымдағы жылдың 10 айындағы эпидемиологиялық жағдайды, АИТВ-инфекциясының бар-жоғын міндетті құпия медициналық тексеру ережесін жариялады. Барлығы 40 адам қамтылды.