Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

№57 орта мектепте ақпараттық дәріс өтті

Тараз қаласы білім бөлімінің №57 орта мектебінде Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мамандары оқушылармен кездесу өткізіп, АИТВ-инфекциясының алдын алу тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Психолог Г. Салпыкова жасөспірімдерге АИТВ және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы мәлімет беріп, қауіпсіз мінез-құлық пен денсаулыққа жауапкершілікпен қараудың маңызын түсіндірді. Сондай-ақ, стигма мен кемсітушілікке жол бермеу және салауатты өмір салтын ұстану туралы айтып өтті.
Іс-шара соңында мейірбике Н. Абуғалиева оқушыларға ақпараттық материалдар таратып, алдын алу шаралары бойынша кеңес берді.