
№7 мектеп-гимназиясында Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының психологы Г. Шамурзаева жоғары сынып оқушыларына «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» тақырыбында түсіндіру сабағын өткізді.
Кездесу барысында оқушылар АИТВ және ЖЖБИ туралы маңызды мәлімет алып, аурудың алдын алу жолдары, қауіпсіз мінез-құлық, сондай-ақ қоғамдағы стигма мен кемсітушіліктің алдын алу мәселелері жөнінде ақпаратпен танысты.
Іс-шара барысында бейнематериал көрсетіліп, қатысушыларға ақпараттық парақшалар мен танымдық материалдар таратылды.