Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

🔰 АИТВ инфекциясының алдын алу шарасы өтті

🔹 Жамбыл облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығының мобильді тобы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысы Полиция департаменті Тараз қалалық Полиция басқармасының №1 полиция бөлімі қызметкерлеріне арналған ақпараттық іс-шара өткізді.

🔹 Іс-шара барысында орталықтың эпидемиолог дәрігері С. Дулатбаева мен психолог маман М. Бегманова қатысушыларға АИТВ/ЖИТС бойынша әлемдегі, еліміздегі және өңіріміздегі эпидемиологиялық жағдай, жұғу жолдары, алдын алу шаралары және инфекцияның адам денсаулығына әсері туралы кең көлемде ақпарат берді. Сонымен қатар, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) және В мен С гепатиттерінің таралуын болдырмау жолдары да жан-жақты түсіндірілді. Қатысушыларға арнайы ақпараттық бүктемелер таратылды.

✅Сондай-ақ ЖИТС орталығының мамандары орталықта тегін ИФТ әдісімен қан тапсыруға немесе жедел тест арқылы өз АИТВ мәртебесін білуге болатынын түсіндірді. Тест нәтижелері әр қызметкерге жеке түрде хабарланатыны және қажет болған жағдайда қосымша медициналық кеңес пен денсаулық сақтау бойынша ұсыныстар берілетіні айтылды.