🔹 Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының жылжымалы тобы мамандары Тараз қаласындағы Қылмыстық – атқару жүйесі комитетінің «№59 мекеме» қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында АИТВ/ЖИТС індетінің таралу жайы, жұғу жолдары, сақтану тәсілдері, сондай-ақ В және С вирустық гепатиттерінің алдын алу бойынша жан-жақты ақпарат берілді.
📚 Қатысушыларға арнайы дайындалған парақшалар мен жадынамалар таратылды.
✅ Сонымен қатар, 46 қызметкерден ИФА әдісімен қан талдауы алынып, 2 адам жедел тесттен өтті. Нәтижелер жеке түрде хабарланатын болады.
🛡 Сақтану – салауатты өмір салтының негізі!