🔹Ағымдағы жылдың 22-23 сәуір күндері Мойынқұм аудандық орталық ауруханасының мәжіліс залында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселелеріне арналған екі күндік семинар-сабақ ұйымдастырылды. Іс-шараны Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары жүргізіп, семинар барысында медицина қызметкерлеріне өзекті әрі тәжірибесі мыңызды мәліметтер ұсынылды.
🔹Семинар аясында «Қазақстан және Жамбыл облысы АИТВ/ ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай. АИТВ/ЖИТС бойынша НҚА. АИТВ-инфекциясына халықты скринингі. АИТВ/ЖИТС алдын алу» және « АИТВ , мерез жене С гепатитінің анадан балаға берілуінің алдын алу», «Стигма мен кемсітушілік», сондай-ақ медициналық ұйымдардағы қауіпсіздік шаралары талқыланды.
🔹Семинардың негізгі мақсаты – медицина мамандарын АИТВ-ның таралу деңгейі мен алдын алу жолдары жөнінде хабардар ету, саладағы жаңа құжаттармен таныстыру және инфекцияны ерте анықтауға бағытталған тестілеу жұмыстарын тиімді жүргізуге қолдау көрсету.
🔹Семинарды Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының инфекционист дәрігері С.Токбураева мен эпидемиолог дәрігер Д.Абдраманова жүргізді.
Бағдарлама бойынша АИТВ/ЖИТС жағдайына шолу жасап, нормативтік құжаттарға түсініктеме беруді, тестілеу тәртібі мен көрсеткіштерін талдауды, биоматериалмен жұмыс істеу ережелерін түсіндіруді, стигма мен кәсіби инфекциялардың алдын алуды қамтыды.Қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
✅Қатысушылар өз жұмыстарына қажетті тәжірибелік және теориялық білім алып, инфекцияның алдын алуға қатысты нақты ұсыныстармен танысты.