🔹Сарысу аудандық орталық ауруханасында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының ұйымдастыруымен медицина қызметкерлеріне арналған семинар-тренинг өтті. Іс-шараның мақсаты — мамандардың біліктілігін арттыру және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті азайту.
🔹Семинарда эпидемиолог-дәрігер И. Дегтерева АИТВ туралы қате түсініктер мен стереотиптерді жою жолдары жөнінде түсіндіру жұмысарын жасады. Ол нақты клиникалық мысалдар арқылы стигманың зиянына тоқталып, медицина қызметкерлеріне адам құқығын сақтау мен этикалық қағидаларды ұстанудың маңыздылын айтты.
🔹Іс-шара барысында АИТВ-мен байланысты стигма мен кемсітушілік түрлері, олардың себептері мен шешу жолдары талқыланды. Қатысушылар АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға сапалы әрі тең медициналық көмек көрсетуге кедергі келтіретін факторларды жою жайлы пікір алмасты.
✅Семинар соңында сұрақ-жауап бөлімі өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.