Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтау

Құрметті әріптестер!

⚜️Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

⚜️Бұл мереке – бейбітшілік пен келісімнің, достық пен өзара құрметтің айшықты символы. Әр ұлттың мәдениеті мен дәстүрін қадірлей отырып, ортақ Отанымыз – Қазақстанның болашағы үшін бірлесе еңбек етіп келеміз. Халқымыздың татулығы мен бірлігі – тәуелсіз еліміздің басты байлығы, берекелі тіршіліктің, баянды болашақтың кепілі.

⚜️Сіздерге зор денсаулық, отбасы амандығын, еңбектеріңізге табыс пен толағай жетістіктер тілеймін! Елімізде бейбітшілік пен келісім мәңгілік салтанат құрып, ортақ мақсат жолындағы ынтымақтастығымыз нығая берсін!

Ізгі тілекпен,
Қыдырбаев Бағлан Жарылқасынұлы,
Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының бас дәрігері.