Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні: жастарға бағытталған ақпараттық  іс-шара

1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні  Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мобильді тобы Назарбаев зияткерлік мектебінің жоғары сынып оқушыларына «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» тақырыбында ақпараттық дәріс өткізді. Бұл шараның басты мақсаты – жастар арасында АИТВ/ЖИТС туралы дұрыс әрі ғылыми негізделген ақпарат таратып, алдын алу мәдениетін қалыптастыру.

Іс-шара аясында мектепте бірқатар қосымша шаралар ұйымдастырылды.

Оқушылар арасында сурет байқауы өткізілді. Байқауға қатысушылар АИТВ/ЖИТС туралы өз көзқарастарын шығармашылық түрде жеткізіп, салауатты өмір салтын насихаттайтын жұмыстар ұсынды. Бұл конкурс жасөспірімдердің ой-қиялын дамытуымен қатар, ауру жөніндегі түсініктерін арттыруға ықпал етті.

Сонымен қатар, мектеп кіре берісіндегі дәліздегі теледидар арқылы бір апта бойы АИТВ туралы арнайы дайындалған ақпараттық роликтер көрсетілді. Бұл оқушылардың ғана емес, мектеп ұстаздарының да ақпараттану деңгейін арттыруға мүмкіндік берді.

Шара барысында мамандар оқушыларға АИТВ мен оның қандай жолмен берілетін инфекциялар жөнінде кеңінен ақпарат берді.

Іс-шараның негізгі бағыттары:

– жастарға ғылыми дәлелденген ақпарат ұсыну;

– жұқпалы аурулардың алдын алу мәдениетін қалыптастыру;

– жеке қауіпсіздік дағдыларын дамыту;

– ақпараттық сауаттылықты арттыру;

– денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға шақыру;

– салауатты өмір салтын насихаттау.

Мектеп оқушыларына бағытталған мұндай дәрістердің басты мақсаты – жасөспірімдердің қауіпті мінез-құлықтан сақтануы және өз денсаулығын бағалай білуіне ықпал ету.

Кездесу кезінде мамандар: АИТВ-ның жұғу және жұқпау жолдары;  қорғану тәсілдері; қауіпсіз мінез-құлық қалыптастырудың маңызы;  АИТВ-ға қатысты қоғамдағы стигма мен кемсітушіліктің зардаптары; ауруды ерте анықтаудың артықшылықтары жөнінде толыққанды ақпарат берді.