Семинар-тренингте 23.06.2015ж. № 508 «Клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша адамдарды АИТВ инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес халықты АИТВ-инфекциясына скрининг мәселелері қозғалды. Дәрігер-эпидемиолог науқастың қанын не үшін алу қажеттілігіне егжей-тегжейлі тоқталды. Қысқаша психоәлеуметтік кеңес беру ем-шара кабинетінің немесе психоәлеуметтік кеңес беру кабинетінің мамандарымен жүзеге асырылуы тиіс. Науқастың АИТВ-ға тексерілуі жайында ақпараттылығы мен тексеру қорытындысын білу – АИТВ/ЖИТС індетіне қарсы тұруға мүмкіндік береді.
Қатысушыларды белгісіз АИТВ-статусы бар науқастармен қатынастан кейінгі қызметкердің ары қарайғы әрекеті туралы мәселелер қызықтырды.
Алдын алу бағдарламаларына кедергі келтіріп, індеттің таралуына жол беретін АИТВ-диссиденттері (АИТВ-инфекциясының барын мойындаудан бас тартқан адамдар) туралы мәселелер қаралды.