Облыстық ЖИТС орталығының дәрігер эпидемиологы Досымова И.М. және мейір аға Қуанышбеков Р.Д. 2024 жылдың 11 қазан күні ҚРҰҚКШҚ Жамбыл ауданы бойынша Шекара басқармасында дәріс өткізді.
Шекара қызметкерлері АИТВ-инфекциясы, оның берілу жолдары, қорғану шаралары, АИТВ инфекциясының профилактикасы туралы дәріс тыңдады. ЖИТС орталығының мамандары қоғамда АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік болмау керектігі туралы және антиретровирустық терапия препараттарының арқасында АИТВ-инфекциясымен қазіргі таң да ұзақ және сапалы өмір сүруге болатындығы жөнінде ақпарат берді.
Шекара басқармасында дәріс өткізілді
