
Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының психолог маманы Г. Шамурзаева 140 мектебінде ақпараттық дәріс өткізді. Дәріске 65 оқушы қамтылды.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасындағы және Жамбыл облысындағы АИТВ инфекциясының ағымдағы эпидемиологиялық жағдайына тоқталып, өңірде атқарылып жатқан алдын алу шаралары мен тұрақты ақпараттық жұмыстардың маңыздылығын түсіндірді.
Дәріс барысында АИТВ инфекциясының, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу жолдары, қауіпсіз мінез-құлық қағидалары, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы туралы ақпарат берілді.
Оқушылар сұрақтарын қойып, орталық маманынан жан-жақты әрі кәсіби жауаптар алды.