Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

2025 жылдың қорытындысы бойынша жиын өтті

2026 жылдың 15 қаңтарында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мәжіліс залында 2025 жылдың қорытындысы бойынша жиын өтті.

Жиын барысында орталықтың бас дәрігерінің ұйымдастыру-әдістемелік және эпидемияға қарсы жұмыс жөніндегі орынбасары Г. Қалметова «2025 жылдың 12 айындағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай» тақырыбында баяндама жасап, атқарылған жұмыстарға жан-жақты тоқталды.

Баяндамасында ол 2025 жылы облыс бойынша барлығы 131 жаңа АИТВ инфекциясы жағдайы тіркелгенін, оның ішінде 5 жағдай шет мемлекет азаматтарынан анықталғанын атап өтті. Ауру жұқтырғандардың 86-сы ер адамдарды құрап (65,6%), әйелдер саны 45 адам немесе 34,4%-ды құрады.

Әлеуметтік мәртебесіне қарай жүргізілген талдау нәтижесінде науқастардың 52-сі (39,7%) жұмыс істейтін азаматтар болса, 55 адам (42%) жұмыссыздар екені анықталды. Облыс бойынша АИТВ инфекциясының аурушаңдық деңгейі 100 мың тұрғынға шаққанда 10,7-ні құрап отырғандығын айтты.

Сондай-ақ Г. Алдабергенқызы инфекцияның негізгі таралу жолы жыныстық қатынас екенін атап өтті. 2025 жылы тіркелген жағдайлардың 87,8%-ы осы жолмен жұққан, оның ішінде 5,3%-ы гомосексуалдық қатынас арқылы таралған. Бұдан бөлек, инъекциялық есірткі қолдану арқылы жұққан жағдайлар 3,1%-ды құрайды. Баяндамасында облыс бойынша АИТВ инфекциясымен өмір сүретін 1119 адам «Д» есепте тұрғаны, олардың 97%-ы, яғни 1090 адам антиретровирустық терапия (АРТ) қабылдап отырғаны айтылды. Бұл емдеу тәсілі науқастардың өмір сапасын арттырып, инфекцияның таралуын тежеуде маңызды рөл атқарады.

Баяндамадан кейін орталықтың бас дәрігері Б. Қыдырбаев 2025 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, 2026 жылға арналған негізгі міндеттер мен жоспарларды айқындады. Ол алдағы кезеңде медициналық қызметтердің сапасын арттыру, алдын алу және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігіне тоқталды.

Жиын барысында Бағлан Жарылқасынұлы өткен жылдағы бірқатар өзекті мәселелерді көтеріп, оларды шешу жолдарына тоқталды. Сонымен қатар тиісті бағыттар бойынша жауапты қызметкерлерге нақты тапсырмалар берілді.