Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2025 жылғы 4 маусымда Жамбыл облыстық иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мәжіліс залында салтанатты жиын өтті.

Салтанатты жиын барысында орталықтың ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі О.Абдикеримова қызметкерлерді мерекемен құттықтап, Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір азаматтың патриоттық борышы екенін атап өтті. Мемлекеттік рәміздердің – Ту, Елтаңба және Әнұранның – еліміздің егемендігі мен тұтастығының нышаны екені, олардың тарихы мен маңызы туралы айтылды.

Іс-шара елжандылықты арттыру, мемлекеттік нышандарға деген құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Жиында орталық қызметкерлері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындап, қатысушылар рәміздерге деген құрметтерін білдірді.