Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Адам папиллома вирусы несімен қауіпті?

Адам папиллома вирусы (АПВ) – 200-ге жуық түрді қамтитын вирустар тобы. Кейбір түрлері адам денсаулығына қауіпсіз болса, басқалары онкологиялық процестерді дамытуы мүмкін.
АПВ алдын алу жолдары:
1. Бір жыныстық серіктес: Жыныстық қатынаста тек бір серіктеспен болу жыныстық жолмен берілетін инфекциялардан, оның ішінде АПВ-дан қорғауға мүмкіндік береді.
2. Тосқауыл контрацепциясы: Бұл әдіс қолжетімді, бірақ инфекциядан 100% қорғай бермейді. Вирус зақымдалған теріге тигенде жұғуы мүмкін.
3. Мерзімді профилактикалық тексерулер: Қыздар гинекологиялық тексеруден тұрақты өтуі тиіс. Бұл аурудың алғашқы белгілерін анықтап, уақтылы емдеуді бастауға мүмкіндік береді.
4. Вакцинация: АПВ-ға қарсы вакцинация тиімді профилактикалық әдіс. Вакцинация 11-13 жастағы қыздарға жүргізілгенде жатыр мойны обырының даму қаупін 90% -дан астамға төмендетеді.
Айта кету керек, 2024 жылдың қыркүйегінен бастап 11 жастағы қыздарды АПВ жоғары онкогенді түрлеріне қарсы 4 валентті вакцинамен егу жоспарлануда. Вакцина 6 айлық аралықпен 2 рет егіледі. 2 валентті вакцина 16, 18 типті антигендерден, ал 4 валентті вакцина 6, 11, 16, 18 типті антигендерден тұрады.
АПВ вакцинасы ҚР Ұлттық егу күнтізбесіне енгізіліп, ата-аналардың ақпараттық келісімімен тегін жүргізіледі.
АПВ вакцинасын әлемнің 110-нан астам елінде, оның ішінде Өзбекстан мен Қырғызстанда да егу жүргізілуде.