Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

“Адам құқықтары жолында – дұрыс жолды таңдаңыз” тақырыбында тренинг өтті

🔰Ағымдағы жылдың қараша айында Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының жоспарына сәйкес білім беру ұйымдарында АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатында тренингтер ұйымдастырылуда.
🔹14 қараша күні №25 орта мектебінің базасында облыстық ЖИТС орталығының мамандары Бегманова Мереке Сәбитовна және Салпыкова Гулжан Жетпісбаевна “Адам құқықтары жолында – дұрыс жолды таңдаңыз” атты тақырыпта оқушыларға тренинг өткізді.
🔹Іс-шара барысында мамандар АИТВ – инфекциясынан қорғану шаралары мен берілу жолдары, стигма, АИТВ позитивті адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеу туралы дәріс оқыды.

✅Жалпы іс-шараға 89 оқушы қатысты.