Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Ә. Молдағұлова атындағы №28 орта мектепте АИТВ-ның алдын алу мәселелері бойынша екі тілде ақпараттық кездесу өтті

Ә. Молдағұлова атындағы №28 орта мектепте Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының психолог мамандары Г. Шамурзаева мен Г. Салпыкова жоғары сынып оқушыларына арналған ақпараттық дәріс ұйымдастырды. Іс-шара қазақ және орыс тілдерінде жүргізілді.

Кездесу барысында оқушылар АИТВ, сондай-ақ жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы маңызды мәліметтер алды. Сонымен қатар, инфекциялардың алдын алу жолдары, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және қоғамдағы стигма мен кемсітушіліктің алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Іс-шара аясында тақырыпқа сай бейнематериал көрсетіліп, қатысушыларға түсіндірме оқу құралдары таратылды.