🔰 Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мамандары Тараз өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасында қызмет ететін әскери қызметшілермен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.
Іс-шараға орталықтың эпидемиологы С.Дулатбаева, психолог Г.Шамурзаева және мейірбике А.Кокибаева қатысып, АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) инфекциясының алдын алу, жұқтыру жолдары және сақтану шаралары туралы маңызды ақпаратпен бөлісті.
✅ Кездесудің басты мақсаты – АИТВ инфекциясының таралуының алдын алу, жастар арасында ақпараттық сауаттылықты арттыру, және салауатты өмір салтын насихаттау.
🔹 Мамандар өз баяндамаларында келесі маңызды мәселелерге тоқталды:
• АИТВ инфекциясының жұғу жолдары (қан арқылы, қорғанусыз жыныстық қатынас, анадан балаға және т.б.);
• АИТВ-дан сақтанудың тиімді әдістері;
• АИТВ-ға тест тапсырудың маңыздылығы мен қолжетімділігі;
• Ерте диагностикалаудың артықшылықтары мен емдеу мүмкіндіктері;
• Стигма мен кемсітушілікпен күресу.
Сонымен қатар, АИТВ және ЖИТС туралы кеңінен мәлімет беріліп, қазіргі таңдағы эпидемиологиялық жағдай айтылды.
💬 Әскери қызметшілер мамандарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты әрі жан-жақты жауаптар алды.
Іс-шара соңында қатысушыларға ақпараттық парақшалар таратылып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы ерекше атап өтілді. Тараз өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасы атынан орталық мамандарына алғыс айтты. Мұндай кездесулер әскери қызметшілердің денсаулық мәдениетін көтеріп, жұқпалы аурулардың алдын алуға септігін тигізетіні сөзсіз.
🧬 АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусы. Бұл инфекцияны ерте кезеңде анықтап, арнайы ем қабылдау арқылы адамның өмір сүру сапасын айтарлықтай арттыруға болады. АИТВ-ға қарсы вакцина жоқ, бірақ оның алдын алуға болады. Сондықтан профилактика мен ақпараттандыру – басты құрал.