Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Әскерилермен ақпараттық кездесу

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мамандары – психологтар Г. Шамурзаева, М. Бегманова және мейірбике А. Кокибаева Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы, 5513 әскери бөлімінің бақылау-өткізу пунктінде АИТВ инфекциясының алдын алу мақсатында ақпараттық түсіндіру іс-шарасын өткізді.

Мақсат – АИТВ инфекциясының таралуына жол бермеу, жастардың ақпараттылығын арттыру және алдын алу мәдениетін қалыптастыру.

Кездесу барысында АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, сақтану әдістері, тестілеудің маңызы және ерте анықтаудың артықшылықтары кеңінен түсіндірілді. Әскери қызметшілерге ақпараттық парақшалар таратылып, салауатты өмір салтын ұстанудың қажеттілігі атап өтілді.

Қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Шара соңында маңызды ақпараттармен бөліскен мамандарға әскери қызметшілер ризашылықтарын білдіріліп, алғыс хаттар табыстады.