Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

АИТВ – дан  сақтану бойынша ақпараттық шара ұйымдастырылды

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының жылжымалы тобы Тараз қаласындағы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№58 мекеме» РММ қызметкерлерімен ақпараттық-алдын алу бағытында кездесу өткізді.

Жиын барысында қатысушыларға АИТВ/ЖИТС індетінің қазіргі таңдағы жаһандық, ұлттық және аймақтық эпидемиологиялық ахуалына байланысты кеңінен мәлімет берілді. Сонымен қатар, инфекцияның жұғу жолдары, одан қорғанудың тәсілдері және оның адам денсаулығына тигізетін әсері жайында жан-жақты түсініктеме ұсынылды. Бұған қоса, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардан сақтану, сондай-ақ В және С вирустық гепатиттерінің алдын алу мәселелері де назардан тыс қалмады. Іс-шара соңында қатысушыларға тақырыпқа байланысты түрлі ақпараттық жадынамалар мен парақшалар таратылды.

Сонымен бірге, ЖИТС орталығының мейірбикелері 39 қызметкерден ИФА әдісі арқылы қан сынамасын және 12 жедел тест алды. Тексеру қорытындылары әр қызметкерге жеке түрде жеткізілетін болады.