🔰 Тараз қаласының №20 орта мектебінде облыстық ЖИТС орталығының психологы Г. Шамурзаева АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша оқушыларға дәріс оқыды. Бұл шара мектеп жасындағы балаларды АИТВ/ЖИТС туралы ақпараттандыру және олардың денсаулығын сақтау мақсатында ұйымдастырылды.
🔹Дәріс барысында Г. Шамурзаева оқушыларға АИТВ (адам иммун тапшылығы вирусы) мен ЖИТС (жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы) туралы түсінік беріп, инфекцияның қалай таралатыны және оның алдын алу жолдары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
🔹Дәрістің тағы бір маңызды бөлігі – АИТВ жұқтырған адамдарға деген дискриминацияның алдын алу болды. Психолог АИТВ инфекциясына шалдыққан адамдардың қоғамда ешқандай кемсітушілікке ұшырамай, дұрыс әлеуметтік қолдау көрсетуге болатындығын түсіндірді. Оқушыларға АИТВ туралы дұрыс ақпарат беру және кез келген адамға құрметпен қарау маңызды екендігі айтылды.
Дәріс барысында АИТВ тақырыбына қатысты бейнемазмұн көрсетілді.
АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша дәріс өтті
