🔹Жамбыл облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу және оған қарсы күрес орталығында АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайын зерттеу және оның сапасын арттыру мақсатында жұмыс кеңесі өтті.
🔹Кеңесті Бас дәрігердің ұйымдастыру-әдістемелік және эпидемияға қарсы жұмыс жөніндегі орынбасары Г. Калметова жүргізді. Оған орталық бөлімдерінің меңгерушілері және мамандары қатысты.
🔹Кеңес барысында АИТВ-инфекциясын жұқтыру деректерін белгіленген мерзімде анықтау, жұғу жолдарын нақтылау, инфекция көзі мен байланыста болған адамдарды тауып, дер кезінде эпидемиологиялық тексеру жүргізу мәселелері жан-жақты қаралды. Сонымен қатар, мамандар тарапынан аталған бағыттар бойынша кездесіп отырған өзекті проблемалар мен оларды шешу жолдары талқыланды.
🔹Кеңес қорытындысы бойынша мамандарға нақты тапсырмалар беріліп, эпидемиологиялық зерттеулердің тиімділігін арттыруға және инфекцияның таралуының алдын алуға арналған бағыт-бағдар берілді. Аталған бағыт бойынша алдағы уақытта нақты мониторинг жұмыстары жүргізіліп, эпидемиологиялық ахуалға үнемі талдау жасалып отырады.
✅Орталық мамандары халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша жұмыстарын да жүйелі түрде жүргізетін болады.