🔹Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері А.Иргебаеваның қатысуымен медицина қызметкерлеріне арналған семинар өтті. 📍
⠀
🔹Семинарда келесі маңызды тақырыптар қозғалды:
✅ Авариялық жағдайлардың алдын алу және байланыстан кейінгі профилактика
✅ АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы мен клиникалық көріністері
✅ Кәсіби жұқтырудың алдын алу және емдеу қағидаттары
✅ АИТВ-ны ерте кезеңде анықтау
⠀
Жиын Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының базасында өтіп, дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлері қамтылды.
⠀
📌 Сонымен қатар төмендегі тақырыптар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді:
• «АИТВ-ның анадан балаға берілуінің алдын алу»
• «АИТВ/ЖИТС бойынша құқықтық актілер»
• «Кәсіби жұқтыру жолдарының алдын алу»
⠀
✅Семинар соңында қатысушылар маманға сұрақтарын қойып, қажетті жауаптарын алды.