Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша Шу ауданы мамандарымен кеңесу

Ағымдағы жылдың 19-22 қазан аралығында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары Шу ауданына АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша консультациялық-әдістемелік көмек көрсету мақсатында мониторингтік сапар жүргізді. Облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігерлері Қалметова Гүлжан, Садыбекова Ғалия және инфекционист-дәрігер Байдаулетова Гүлнар ҚР және Жамбыл облысындағы АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай, АИТВ анадан балаға берілуінің алдын алу, халықты клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша скрининг, төтенше жағдайларды талдау сияқты мәселелерді қамти отырып семинар өткізді. Төле би  ауылы және Шу қаласының госпитальдық эпидемиологтарының қатысуымен және көмегімен  диспансерлік есепте тұрған АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға диспансерлеу жүргізілді. Шу қаласының қалалық емханасы жанындағы стационарлық Сенім пунктіне жаңа тұлғаларды тарту бойынша жұмыс жүргізілді.